Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында кәсіпкерлікке кедергі келтірген әкім 345 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеген

Маңғыстау облысындағы Шебір ауылының әкімі кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін 345 мың теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Сөз бен саз” бағдарламасынан бейнекадр

Дерекке сүйенсек, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және Маңғыстау ауданы прокуратурасымен бірлесіп Шебір ауылындағы азық-түлік дүкені иесінің арызын қараған. Нәтижесінде Шебір ауылдық округі әкімдігінің күзгі-қысқы кезеңде азық-түлік дүкенінің жұмыс уақытын 23:00-ге дейін, көктем-жаз айларында сағат 23:30-ға дейін негізсіз шектегені анықталды. 

“Осылайша, Шебір әкімдігі кәсіпкерлік субъектісіне кедергі келтірген. Тиісті органдар араласқаннан кейін әкімдік бұрын шығарылған нұсқау хатының күшін жойды. Нәтижесінде, ауылдағы осындай мәселеге тап болған 9 дүкен иесінің проблемасы шешілді”, – дейді Біржан Хайруллин.

Сондай-ақ, Департамент кәсіпкерлерге осы шектеулерді қолдан жасаған әкімдіктің бас маманына "ескерту" түріндегі тәртіптік жаза қолданылғанын айтып өтті. Ал ауыл әкімі лауазымды тұлға бола тұра, кәсіпкерлікке заңсыз араласқаны үшін 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеген.

Осы орайда антикор кредит, грант, субсидия алу кезінде кездесетін нақты проблемалар мен әкімшілік кедергілерге тап болған жағдайда бірден агенттікке хабарласуға болатынын ескерткен.

Олжас Нұржақып
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 12:58
Талқылау