Маңғыстау облысында карантин талаптары қатаңдатылады
Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша қоғамдық көлік демалыс күндері жұмыс істемейді. Фитнес-орталықтар жабылады.
Азық-түлік базарларын қоспағанда, базарлар 16.00-ге дейін, ал кафелер мен асханалар 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау күшейтіледі. Тойларды тексеру үшін рейдтер ұйымдастырылады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”