Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында газ қалдықтары жанып, аса қауіпті метан молекулалары ауаға тарауда

Маңғыстау облысында Шығыс Қаратұрын аумағында қуатты парниктік газдардың ауқымды қалдықтары өртеніп, ауаға үлкен көлемде қауіпті метан молекулаларын шығаруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Bloomberg француздық Kayrros SAS геоаналитикалық компаниясына сілтеме жасап Маңғыстаудағы Қаратұрын Восточный кен орнындағы газ ұңғымасы үлкен метанның таралуына әкеліп соққанын және қауптілігін көрсеткенін айтты. 

Жарияланған материалға сәйкес, жерсеріктер бір айдың ішінде кем дегенде тоғыз рет алаңнан алып метан бұлттарын байқаған.

Ал Buzachi Neft компаниясы NRG_monitor Telegram арнасында мақаладағы болжамдармен келіспейтінін мәлімдеді.

“Біз Bloomberg тілшісіне апатты жоюдың ұйымдастырушылық-техникалық жоспарлары, сондай-ақ жұмыстың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат бердік. Спутниктік суреттерге қатысты болжамдармен келіспейміз. Онда сонша газ бөлінбейді. Ұсынылған суретте көрсетілген шығарындылар құрамында метан молекулалары аз мқлшердегі ыстық бу бұлттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, ұңғыманың жану аймағына булану нәтижесінде тұздар түріндегі жауын-шашын да түседі. Ашық және тұрақты жалын 650 градус Цельсийде метан физикалық түрде жануға қабілетсіз. Апта сайын дерлік жасалатын ауа сынамаларына сәйкес, зиянды заттардың, соның ішінде метанның концентрациясы рұқсат етілген деңгейден аспайды”, деді компания.

Талқылау