Маңғыстау облысында ер адам полицияның көзінше өзін өртеп жібермек болған (видео)
Фото: Видеодан скрин
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы полиция бекетінде ер адам өзін өртемек болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның өзін өртемек болған видеосы желіде жарияланды. Кадрдан бекет алдындағы жалын мен екі полиция қызметкерін көруге болады. Облыстық полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты.
Патрульдеу барысында жол сақшылары жол жүру ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Жүргізушіге әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған.
Біраз уақыттан кейін ер адам полиция бөлімінің бақылау-өткізу бекетіне келіп, қызметкерлердің әрекетіне наразылық білдірген. Ер адам полиция бекеті аумағында өзіне сұйықтық құйып, өртемек болған.
ШҚО-да қоғам белсендісі жол сапасына шағымданып, сот ғимаратының алдында өзін өртемек болды
Полицейлер оның әрекетінің алдын алып, ер адамды медициналық мекемеге жеткізді.
“Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп, барлық мән-жай анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау әкімдігінде "заңсыздықтан" шаршаған ер адам үстіне бензин шашып, өзін өртемек болғаны туралы жазған едік.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады