Маңғыстау облысында екі кішкентай бала құдыққа құлап, суға батып кетті

Маңғыстау облысында екі кішкентай бала құдыққа құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 21 желтоқсан күні күндіз Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округіндегі жеке үйде болған.

Алты және он бір жастағы бауырлар тереңдігі 2 метр болатын ауыз құдыққа құлады. Сол кездегі су деңгейі 1,8 метр болды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр