Маңғыстау облысында екі ауылдың тұрғындары өз қаражатынан жолға асфальт төседі
Маңғыстау облысындағы Қызылтөбе және Дәулет ауылдарының тұрғындары шенеуніктердің көмегін күтпей, тас жолды өздері жөндеп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе және Дәулет ауылдарын жалғайтын жол учаскесі біраздан бері жарамсыз болып қалған. Оның бойымен ауыл тұрғындары автобустармен жүреді.
Жыл басынан бері адамдар жергілікті әкімшілікке бірнеше рет жүгінген, бірақ нәтиже болмады.
Адамдар өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізуді шешім қабылдады. Олар 280 мың теңге жинап, оларға асфальт сатып алып, арнайы техника жалдап, шамамен 20 метр асфальт төседі.
Ал аудан әкімдігінде жолдарды жөндеу жоспарланған деп хабарлады.
"Аудандық маңызы бар автожолдардың 91 шақырымын күрделі жөндеу жоспарланған. Мердігерлік компаниямен 21 миллион теңге сомасына шарт жасалады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама толық дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Ол аяқталғаннан кейін біз қаржы аламыз, содан кейін жөндеу жұмыстары басталады", – деп хабарлады аудан әкімдігі.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
