Маңғыстау облысында бірден 7 сарбаздың жындыханаға жіберілгені анықталды

Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған сарбаздардың саны 3-тен 7-ге өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
№99116 әскери бөлімінен бұған дейін хабарланғандай үш сарбаз емес, бірден жеті әскери қызметкердің “өзіне қол салу белгілері” бар деген күдікпен психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Барлығының білектерінен кесілген іздер анықталған.
Сарбаздардың үшеуі дәрігерлер бақылауында қалса, төртеуі психикалық ауытқуға байланысты анықтамалар беріліп, ата-аналарымен бірге үйлеріне қайтарылған.
Арнайы мекемеде ем қабылдап жатқан сарбаздардың арасында алматылық 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров те бар. Бұған дейін Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз Сұлтан Шынтеміровтың жындыханадан бір-ақ шыққаны туралы жазған едік.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі