Маңғыстау облысында бір отбасы газға уланды: Екі бала қаза тапты
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Ақтау қаласына жақын жерде орналасқан тұрғын алабында үш адамның өмірін қиған қайғылы оқиға болды. Мәліметтерді жергілікті билік растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 ақпанда Мұнайлы ауданында орналасқан "Қаламқас" тұрғын алабында өрт болды.
Бір отбасының төрт мүшесі көмірқышқыл газынан уланған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, оның екеуі – жасөспірім. Бір адам аман қалды. Ол ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі марқұмдардың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін хабарлады. Басқа да қажет қолдау шаралары қабылданды дейді.
Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінің мұржасы болмаған. Осының салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне жайылған.
Еске салсақ, Қостанай облысында балалар мен олардың атасы улы газға уланып қаза болған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"