Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында автобусы батпаққа батқан жолаушылар зират маңында тұрып қалған

9 мамырда ПАЗ автобусының 23 жолаушысы Бейнеу ауылынан Бейнеу-Шағырлы бағытындағы Шиланды учаскесіндегі зиратқа жолға шыққан. Алайда жолда көлік балшыққа батып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түнде УАЗ көлігімен 13 адам Бейнеу ауылына оралды. Ал қалған 10 адам оқиға орнында түнеуге мәжбүр болған.  10 мамырда сағат 09:00 шамасында Бейнеу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының, ҚазТрансОйлдың, Бейнеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері көмекке шықты, – Бейнеу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бауыржан Оңғарбаев Lada.kz басылымына берген пікірінде.

Құтқару жұмыстарына КамАЗ және УАЗ көліктері жұмылдырылды.

Белгілі болғандай, сағат 15:00 шамасында қалып қойған адамдар көлігімен Бейнеу ауылындағы қауіпсіз жерге жеткізілді.

Талқылау