Маңғыстау облысында алғашқы үшем өмірге келді
Биылғы жылы алғаш рет Маңғыстау облыстық перинаталды орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz "Хабар 24" агенттігіне сілтеме жасап.
Сәбилер кесерево отасы арқылы өмірге келді. Операция шамамен 40 минутқа созылды. Анасы мен балалары, екі қыз және бір ұл бала, дәрігерлердің бақылауында. Өздерін жақсы сезінеді. Анасы Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Қамшат Төребекова. Ол үшемді өмірге әкеліп, бірден 6 баланың анасы атанды. Балаларға Назерке, Жанерке және Әлихан есімдері берілді. Бір қызығы, бірінші туған қыз баланың салмағы інісі мен сіңлісінің салмағынан аз.
Дәрігерлердің айтуынша, аралас жүктілік сирек кездеседі. Өткен жылы қыз бен ұл араласып туған бір ғана оқиға болды.
"Мен ультрадыбыстық тексеру кезінде құрсағымда үшем барын білдім. Алдымен қорықтым, бірақ күйеуім екеуміз мұның бізге берген құдайдың сыйы екенін түсіндік. Енді 6 баланың ата-анасымыз", - дейді Маңғыстау облысының тұрғыны Кәмшат Төребекова.
"Бірінші бала 1 келі 60 грамм, екінші қыз бала - 1 990 грамм, үшінші бала - 2 550 грамм болды. Біз 2 келіге жеткенде үйге босатамыз", - деп түсіндірді дәрігер-неонатолог Тойлық Жұмагамбетова.