Маңғыстау облысында 3 жылдан бері жалақы алмаған балабақша қызметкерлері шу шығарды

Маңғыстау облысында 2017 жылдан бері жалақы алмаған жекеменшік балабақша қызметкерлері жиналды. Сөздерінше, Мұнайлы ауданындағы "Алтын бесік" балабақшасының қожайыны тәрбиешілерге үш жыл бойы жиналған берешекті бермей келеді. Ал балабақша басшысы шоты бұғатталғандықтан еңбекақы төлей алмай отырғанын мойындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жұмысқа тұрғалы жарытып жалақы алмадық" деген қызметкерлер алғашқыда еңбекақының бірнеше айға кідіргенін айтады. Жұмыс көлемі артқанымен, тиесілі қаржы төленбей, ұжыммен бірге жалға берушіне де сан соқтырған кәсіпкер биыл қаңтарда балабақшаны жауып тастаған. 

"Қазір одан менің алатын 522 мыңдай жалақым бар. Балабақша бойынша 13 адам бар ала алмай жүрген", - деді балабақшаның бұрынғы қызметкері Камила Сахауова.

"2020 жылға дейін ол маған 6 млн 800 мың теңге қарыз. Кісілер қарыздарын сұрап, маған жұмыс істеуге 5 айға дейін мүмкіндік берген жоқ", - деді ғимаратты жалға беруші Алмагүл Баймұхамедова.

Кәсіпкер жалақының төленбегенін әкімдік тиісті субцидияны бермегеніімен түсіндірген. Жиналғандар ауыл әкімінен де мәселені шешуді сұрапты. Алайда, әкімдікте қаражаттың толық өтелгенін айтып отыр. Ал кәсіпкер балабақшаны жалға алу ұүны бастапқы сомадан көбейгені қиындық тудырғанын айтады. 

"Маған толық 20 күн уақыт берсе, мен ішінара төлеп, құтылам. Қазір менің барлық шотым бұғатталған. Сол ашылса, кредит алып, бергім келген", - деді "Алтын бесік" балабақшасының бұрынғы басшысы Жансая Абдуллаева.

Балабақша қызметкерлерә үш жыл бойы әрнәрсені сылтауратқан бұрынғы басшысының сөзіне сенбейтіндерін айтады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр