Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында 17 метрлік шырша өртеніп кетті (видео)

Маңғыстау облысында биіктігі 17 метр болатын шырша өртенді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

01.01.2020 жыл Ауданның орталығы Маңғыстау ауылындағы «Жастар» алаңында орналасқан жаңа жылдық шырша қаңтар сағат 4:43 шамасында электр жүйесінің қысқа тұйықталу себебінен (алдын ала болжам бойынша) өрт орын алды. Орын алған өртті толығымен сөндірілді және зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта, алаңда электр желілері қаралып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде және ауданның жағдайы бірқалыпты. @aktau.911 Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Публикация от 🏢 (@munaily_akimat)

Интернетте Маңғыстау облысында биіктігі 17 метрлік шыршаның өртенгені туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, оқиға 1 қаңтарда Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы орталық алаңда болған. Өрттің алдын-ала себебі сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06.10-да Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орталық алаңда 17 метрлік шырша өртенді. Өрт сөндірушілер сағат 06.25-те өртті тоқтату шараларын қабылдады. Зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Қаңтар, 2020 09:30
Талқылау