Маңғыстау облысында оқушылар мен студенттер жаңа форматта оқиды
Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, Маңғыстау облысының оқушылары мен студенттері 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан / екінші семестрінен бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ұсыныстарына сәйкес жаңа форматта оқиды:
- сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беру мектептерінде 1-ден 5 (7) сыныпқа дейін қоса алғанда, кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат етілді;
- 9, 11 (12) сыныптарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту енгізілді. Пәндердің 70%-ы – дәстүрлі форматта, 30%-ы – қашықтан оқытылады;
- 5 оқушыға дейінгі топтарда жеке консультациялар өткізуге рұқсат етілді;
- ТжКБ, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 1-курс студенттеріне аралас оқыту форматында оқытуға рұқсат етілді.
Бұдан басқа қаулыда бірқатар нысандардың жұмысына тыйым салуды көздейді:
- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, сскс алу), оның ізпінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды,
- ойын-сауық мекемелерінің (жабық үй-жайлардағы балалар ойын аландары мен аттракциондары, батуттир жане басқалир), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;
- спортшылардын Қазакстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салуды.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Еске салайық, Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдетілді. Онда дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейін оқуға рұқсат берілді. Сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытудың екінші семестрінен рұқсат.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
