Маңғыстау облысында жалақы көтеруді талап еткен фельдшерлер жұмыссыз қалды
Маңғыстау облысында жалақы көтеруді талап еткен фельдшерлер жаппай жұмыссыз қалды. Жедел жәрдем қызметі тоқтап қалмас үшін орнына басқа адамдарды алып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Өйткені жедел жәрдем қызметкерлерінің бір аптаға созылған ереуілін сот заңсыз деп таныған. Сондықтан Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданында 19 қызметкер жұмыстан босатылыпты. Әріптестерін қолдаған 25 фельдшер мен 13 көлік жүргізуші өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазған.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар оларға жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік бердік дейді. Алайда наразылар айтқан бетінен қайтпапты. Сондықтан бос орындарға жаңа қызметкерлер алынып жатыр.
Осылайша тұралап қалған жедел жәрдем қызметі қайта жанданды дейді жауаптылар. Ал әкімдік жергілікті бюджеттен еңбекақыға үстемақы ретінде 236 миллион қаржы бөлген. Осы ақшаның есебінен жыл соңына дейін жүргізушілерге 90 мың, фельдшерлерге 40, санитарларға 30 мың теңгеден үстеме төленеді.
Талқылау

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
1 шілдеден кейін жұмысқа кіретін күштік құрылымдарындағы қызметкерлерге үй мәселесі бойынша жаңа тәртіп енгізілмек

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан