AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

Маңғыстау облысында әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы облыстық сотта айтылды.

16 ақпанда тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың бұлтартпау шарасы "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы "үйқамаққа" өзгертілді.
Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі 4 ақпанда Ниязовтың қамауға алынғаны туралы хабарланды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол өкілеттігін асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, сұйытылған мұнай газын жеткізуді Ғалымжан Ниязов қадағалаған.

1 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары бағаны төмендетуді талап етіп наразылық танытты. Нәтижесінде үкіметтік комиссия белсенділермен кездесіп, газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары  Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр