Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиевті пара алды деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

Аманғалиевке 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және мемлекет қатысатын компанияларда, екінші деңгейдегі банктерде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазасы берілді. Сотта мүлкін тәркілеу тағайындалған жоқ.

Серік Аманғалиев «Құрмет» мемлекеттік марапатынан айырылды. 22 тамызда Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары сотта өзінің соңғы сөзін айтты.

Алғашқы сот отырысы 19 шілдеде болды. Өткен жылдың қарашасында соттың оған санкциясы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Бұрынғы депутатты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері өткен жылдың 3 қарашасында Ақтау халықаралық әуежайы аумағында ұстаған. Одан жалпы құны 115 мың еуро болатын ақша табылып, тәркіленді. Аманғалиев 2017-2018 жылдары облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Талқылау