Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маңдайын жырып, терезені сындырдым": Ләйлә Сұлтанқызы оқушы кезіндегі оқиғасын бөлісті

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы мектеп кезінде басынан өткен қызық оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

БАҚ өкілі оқушы кезінде өте белсенді болғанын айтты. 

“Мектеп кезінде мені кейде мұғалімнің орнына қалдырып кететін. Өзі активист, өзі үздік Ләйлә ондайда қатал еді. Бір күні сөз ұқпай, тентек болған бір сыныптасыма сызғыш лақтырғанмын. Ол сызғыш әлгі ұлдың маңдайын жырып, терезені де сындырды. Сөйтіп әкем келіп, терезені де жөндетті, баладан да кешірім сұрағаным бар”, – деп жазды журналист. 



Еске салайық, қазақстандық ата-аналардың тек 20%-ы мұғалімдер күніне ақша жұмсағысы келмейді, қалғандары сыйлық бергенді қолдайтынына қатысты сауалнама дайындаған едік. 

Stan.kz әлеуметтік желідегі оқырман арасында “Ұстаздар күніне орай мұғалімдерге сыйлық беру керек пе? деген сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, оқырманның 18%-ы мұғалімге сыйлық беруге қарсы, 9-10%-ы шектеулі сомада ғана кәдесый беру керек деп санайды. Ал дауыс бергендердің 63%-ы сыйлықтың бағасы маңызды емес деген ойда.

Талқылау