Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маңдайын жарып қойдым": Актриса Дана Тұрарбек жолдасымен қалай танысқанын айтып берді

“Өнер қырандары” театрының әртісі Дана Тұрарбек жолдасы Мадияр Серікбаевпен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұлдызды жұп бір университетте білім алған.

“Мен оқуға түскен жылы Мадияр да түсті. Ол алтыншы жыл қатарынан оқуға түсе алмаған. Оқытушылар сыртқы бет-әлпетіне тиісіп, “түрің келмейді, сахнаға жарамайсың” деп құлата берген. Мәкең де қайтпай бара берген. Тағдыр шығар, екеуіміз қатар оқыдық. Ол менің тобымның старостасы болды. Негізі ол орынға мен таласып жүргенмін. Бір-бірімізді жақтырмадық. Ұрысып жүретінбіз. Бір күні бетіне суды шашам деп, қолымдағы стакан шығып кетіп, маңдайын жарып қойғаным бар. Мен оған не көрсетпедім?!. Менің жазуым әдемі болып, ағай маған қағаздарын толтыртатын. Мадияр сабаққа екі ай келмей жүретін. Себебін сұрасақ, “екі балам түнімен ұйықтамады” деп бастайтын. Біз ол кезде баламыз ғой, “үйленгенсің бе?” деп сұрай беретінбіз. Бір күні деканаттың қағазына “үйленген, екі баласы бар” деп жазып жіберіппін. Содан кейін өтірігі ашылды. 2-курстан кейін Үржарға құда түсіп барды, мен Шымкентке келін болып түстім”, – дейді актриса. 

Сондай-ақ сахнада қол ұстасып жүрсе де, Мадияр кейде әйелінің үйде отырғанын қалайды екен.

“Жігіттердің дені тойға шығады. Бірақ маған шектеу бар. Концерт пен гастрольдерге шығарып жүргеніне рахмет! Өнерді тастағым келмейді. Армандаған мамандығым мен таңдаған салам болғасын, әрі қарай дамыта бергім келеді. Мәкеңе “тамағың жасалмай, кірің жуылмай қалды ма?”, “Баланы да туып жатырмын. Одан артық не керек?” деп қалжыңдаймын. Бірақ ұзақ жолдар мен кілең ер адамдардың ортасы болғасын алаңдап жүретіні рас”, – дейді өнер иесі.  

Талқылау