"Маңдайыма жазбапты": Шәріп Серік сүйіктісімен айырылысып кеткенін растады
Танымал актер Шәріп Серік сүйіктісімен ажырасып кеткенін мойындап, желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, өнер иесі маусым айында сүйіктісінің туған күнімен құттықтап, фото жариялаған еді.
“Талай күнді басымыздан өткердік. Тағдыр сені маңдайыма жазбаған шығар. Жоспарымыз көп еді”, – деп мұңайды актер.
Сонымен қатар Шәріп Серік мұңды жазбасы үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Жеке өміріне қатысты жайсыз жайт өзіне ауыр тигенін жасырмады.
“Жазбаларым үшін кешірім сұраймын. Кішкене қайғыруға рұқсат беріңіздер. Бұнымен өмір тоқтап қалмайтынын білемін. Бірақ бір сәтте ауыр болды", – деп жазды киножұлдыз.
Еске салайық, актер Шәріп Серік анасы мен экс-жұбайы Say Mо арасындағы жанжалдың неден басталғанын айтып берген еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі