Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамин мен Склярдың қолдаушылығымен біздің келісімшарттарымызды жоюға тырысуда  – Балушкин 

""АЗИЯ АВТО" компаниялар тобымен мемлекеттік келісімшарттарды бұзудың мақсаты - премьер-министр Асқар Мамин мен вице-премьер Роман Склярдың қолдаушылығымен бәсекелестерге келісімшарттарды бұру болып табылады",- деп мәлімдеді компанияның акционері Анатолий Балушкин. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеп хабарлайды.   

балушкин

 "Біз жалпы айтамыз ғой: "Мырзалар, сіздер сеніңіздер". Неге әлі күнге дейін бір де бір тексеру жоқ? Құр сөзбен қалай бірдеңе туралы тұжырымдауға болады? Біздің келісімшарттарымызды бұзып, оларды басқа алаңдарға әкету мақсаты болып жатқанда не туралы айтуға болады? Болды, нүкте. Скляр (Роман, вице-премьер – ред.) мырзаның және өкінішке орай, бүгінгі күні қызмет атқарып отырған премьер-министр (Аскар Маминнің – ред.), үлкен қолдаушылығымен болып отыр. Соны түсіну керек", - деді Балушкин компаниялар тобының ұжымына өтініш білдіре отырып.  

Оның айтуынша, "тартыстың тарихы қарапайым". 

"Бүгінгі күні бізге қарсы екі зауыттың пайдасына адалдықтан аттаған бәсекелестік күресті жүргізіп отырған адамдар жұмыс істеуде. Ол Қостанайдағы зауыт және ол Алматыдағы зауыт. Алматыдағы зауыт – 25 мың ш.м. Ол қандай зауыт екенін мен түсінбеймін... Біз ешқашан өзімізге псевдоөндіріс құру мақсатын қойған емеспіз. Дамыту институттары деп аталатындарға біз ешқашан сенім артпағандықтан, біз, егер сіздер байқасаңыздар, өзіміз дамыттық, бірақ салықтар, жалақы, біз жасаған әлеуметтік аспектілердің, кезеңдердің саны бойынша үнемі көшбасшы болып табылдық – біз абсолютті түрде шынайы жұмыс істедік және солай істеуді жалғастырамыз", - деп сөз қосты бизнесмен. 

Ол "АЗИЯ АВТО" зауыты қызметкерлердің жалақыларын сақтап, 2020 жылдың соңына дейін жұмысын жалғастыратынын куәландырды. 

"Біздің 45 мың қол жинаған ұжымның (президентке - ред.) үндеуі шынымен де үлкен рөл атқарды. Яғни, сонда "жатқан тастың астынан су жүргендей" болды, себебі, қалғандарының барлығын жай ғана жуып жіберуге тырысты. Соттар, ал соттар болған жоқ, сот – ол соттаса ғана сот, бір де бір сараптама жоқ, бір де бір жұмыс құжаттамасын талап ету жоқ, басқа бәсекелестермен ешқандай салыстыру жоқ, тек қана келіп, "жұмыс істемедіңдер" деп айып тақты. Біз нені істемедік? Ал кім істеді? Біз өзімізге мақсат етіп қойған техникалық көлемдерді орындадық. Біз жұмыс істедік", - деп атап өтті спикер. 

Балушкиннің айтуы бойынша, мемлекетпен келісім жасалған, салынып жатқан, шанақтарды пісіру мен бояу кешеніне компаниялар тобы $80 млн. инвестициялаған. 

"Бізге $30 млн. қалды – ол бояу кешені. Бояу кешені, мырзалар, бірінші локдаун болғанда, мен екі ай Ресейде болдым, мен барлық ресейлік активтерді талдау мен бағалау жөнінде банктермен жұмыс жүргіздім және Ресейдегі осы активтерді кепілзатқа алып, бүгінгі күні 9 қарашада "Санкт-Петербург банкі" бояу кешенін төлеуге дайындығы туралы барлығымызға хабарлады", - деді  топтың акционері.  

"Бүгінгі күні төбесінің барлық құрылымдары төленді және  "қамырдың иі қанды", әйтсе де енді 27 мың ш.м. етіп жасаймыз. Ол туралы да біз әкімдікке де сондай-ақ біздің, қымбатты да құрметті үкіметке хабарлағанбыз. Әрине, бізден ешкім мұндай шапшаңдықты күтпеген болар, барлығы бізді қазір бір орында тұрып қалады және олардың жағдайы біраз ақымақтық деп ойлады. Мүмкін, егер уақыт машинасы болса, көпшілігі бізді қазір біз келе жатқан осы әрекеттерге жоғарылатқысы келмес еді",-  деп атап өтті бизнесмен. 

Спикер компаниялар тобы заң жолымен әрекет етінін баса айтты.

 "Үндеуден кейін бас прокуратура министрлікке (индустрия және инфрақұрылымды дамыту – ред.) кірген, министрлікте олар бойынша жұмыс істеуден осылай немесе басқаша босатылған 23 келісімшарт  (нарықтың субъектілері – ред.) бар. Ол келісімшарттар бойынша ештеңе істелмеген. Ол келісімшарттардың барлығы жұмыс істеп жатыр. Тексеру, әрине, іріктеу тәсілі екенін анықтады. Бір тарап осы жанжалды қалай жабуды білмейді, біз оны өршітпейміз, яғни біз айтқандай: "Бізге қан керек жоқ – бізді мазалауды қойыңыздар, сол ғана қажет". Яғни, егер Алматыдағы зауыт сияқты 25 мың ш.м. зауыт керек болса, тамаша, ол да жұмыс орындары, ол бола берсін. Біз оларды өзімізге бәсекелестер ретінде көрмейміз. Яғни, бізді мазаламаңыздар, біз өз жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ал олардың бізді бәскелестер деп танитынын көріп отырмыз. Міне, бағалау мен тәсілдерде осындай айырмашылық бар", - деді Балушкин. 

Сондай-ақ ол "Халықтық автомобиль" жобасының ағымдағы жағдайы туралы айтты. 

"Біз жеңілдіктерді пайдаланды деп бізді айыптағанда – мырзалар, жеңілдіктерді пайдалану мүмкін емес,  дегенмен осы қазір түсінікті, себебі біз машина шығара алмаймыз ("Халықтық автомобиль» жобасы бойынша – ред.), олар бәсекеге қабілетті болмайды. Жеңілдіктер халыққа кетті. Біз 1117 Lada Granta автомобилін беруіміз қажеттігін есептедік, біз не береміз, не машина үшін бізге алдын ала төлем төлеген халықты кепілдікке алатынымыз айқын болды, халық 1 млн. теңгеге жуық ақша толықтырып төлеулері қажет болды, біз ол машиналарды беруді және адамдарды кепілдікке алмауды, оларға машиналарын беруді шештік, себебі тосқауыл қойылған ақша бізге қайтарылады деп үміттенеміз. Адамдар осы жағдайға дұрыс қарайды деп сенеміз", - деп қоса айтты бизнесмен. 

Балушкин мойындағандай, ол "көшедегі арзан автомобильді беру – ол мемлекетпен келісімге келудің және уағдаластыққа қол жеткізудің бірегей мүмкіндігі" деп ойлаған. 

"Яғни, ол ҚҚС мәселесі, құрастыру алымдары мәселесі, импортер енгізу мүмкін еместігін, бірақ өндіру пайдалы және баға алу пайдалы екендігін анықтаған. Бүгін не болып жатыр, біз не көріп отырмыз – тек қана біз ойыннан шығамыз, әзірше уақытша, машиналардың бағалары өсуде. Сөздің мағынасы – екі өндіруші бағаны күрт көтере бастаған. Біз бағаны көтердік, себебі бізге құрастыру алымдарын, төлеу керек және дайын өнімді әкелу керек, бізге тауарлық автомобильдерден болса да жалақы төлеуіміз және ұжымды қолдауымыз қажет, ол түсінікті, яғни, ол қорғаныс саясаты. Бірақ, егер біз автомобиль шығарсақ, баға төмен болар еді. Ол айқын ғой. Олар сол бізге есептелетін жеңілдіктер деп аталатын жеңілдіктер.  Ол жеңілдіктерді монеталау мүмкін емес", - деді бизнесмен.  

Еске сала кетейік, 19 қазанда "АЗИЯ АВТО" бас директоры Ерік Сағымбаев ТЖ режимі кезінде 11 сәуірде компания мерзімдерінің аяқталуына ұзақ уақыт барына қарамастан, компаниямен өндірістік келісім бұзылатындығы туралы үкіметтен хабарлама алғанын хабарлаған. 

Сондай-ақ ол "АЗИЯ АВТО" жабылған жағдайда 4 мыңнан астам адам жұмыссыз қалатынын ескерткен. 

20 қазанда журналист Михаил Козачков Қазақстанның билігі "АЗИЯ АВТО" және "СарыаркаАвтоПром" компанияларымен келісімдер жасаған кезде қосарлы стандарттарды қолданғанын хабарлаған. Сонымен бірге, ол атап айтқандай, "СарыаркаАвтоПроммен" жасалған қосымша келісім "тіпті дилетанттардың көзіне көрінетіндей бұзушылықтармен жасалған". 

Дәл сол күні Алматыда Hyundai зауытын құрған кезде Қазақстанның билігі ЕАЭО жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны туралы хабарлама шыққан. 

STAN.KZ
Сенбі, 21 Қараша, 2020 14:11
Талқылау