Мамин: Қазақстан өзін нанмен толық қамтамасыз етеді

Биыл астықтың жалпы түсімі 18 млн тонна деңгейінде жоспарланған. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін: Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды"Астық өсіретін негізгі аймақтарда ауа-райы жаздың ортасында құрғақ болды, бірақ қазір тұрақсыздық байқалуда. Сондықтан егінді жинауға уақыт бөліп қана қоймай, жұмысты ең аз шығынмен аяқтау маңызды", - деді Ақар Мамин үкімет отырысын қорытындылай келе.

Үкімет егін жинау жұмыстарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдер қабылдағанын атап өтті.

"Жалпы, биылғы жылы қабылданған шаралардың арқасында бидайдың жалпы түсімі 18 млн тонна деңгейінде жоспарланған. Қазақстан өзін нанмен толық қамтамасыз етеді. Экспорттық әлеует те жақсы болады", - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ, үкімет басшысы маңызды ресурстық база және ірі өткізу нарықтары арасындағы географиялық тұрғыдан тиімді орналасу отандық агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына және Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабы ретінде қалыптасуына ықпал ететіндігін айтты.

"Тіпті тауарлар мен қызметтер нарығындағы жағдайды ескере отырып, астық және басқа да азық-түлік тауарлар нарығындағы бағалар динамикасы тұрақты және оң болады деп көзделуде", - деп қорытындылады Асқар Мамин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр