Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар жаңа жыл алдында азық түлік аларда не нәрседен сақ болу керек екендігін айтты

Алматының тауар сапасы мен қауіпсіздігіне жауапты мамандар жаңажылдық мереке алдында халықты жаппай сақтыққа шақырып жатыр. Себебі жыл бойы тексеруден кейін көптеген азық-түлік өнімдері мен күнделікті тұтынантын заттардан зиянды қоспалар, ауру тудыратын бактериялар анықтаған. Тіпті, биылғы 9 айда сапасыз азықтан 6000-нан аса адам уланып, оның 23-і көз жұмған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сапаны бақылайтын мекеме назарына іліккен тауарлардың ішінде қарапайым сүт өнімдерінен бастап, тауық еті, шұжық, кондитерлік өнімдер мен сусындар да бар екен. Әр түрлі 200-ден аса өнімді сараптамадан өткізген мамандар олардың 25 пайызы талапқа сай емес деген қорытынды шығарып отыр. Халық арасында кеңінен таралған жылдам тамақтану желілерінің тағамдарынан да қауіпті заттар мен ауру тудыратын бактериялар анықталған. Одан бөлек сапа қадағалаушылар көшедегі күмәнді орындардан тамақ сатып алмауды, ал тауар алар кезде оның жарамдылығы мен өндірушісін толығымен тексеруді ескертті. Ал назарға іліккен ірі брендтермен мекемелер тек айыппұлмен құтылатын көрінеді. 

"Бірінші рет талапқа сәйкес келмеген жағдайда айыппұл салынады. Бүгінгі күні айыппұл мөлшері 500 мың теңгеден басталады. Бұл аз ақша емес. Бұған қоса ескертпе қағаз тағайындалады", - деп мәлімдеді тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова. 

Талқылау