Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар ұйқысыздықтан құтылуға көмектесетін өнімдердің тізімін атады

Мамандар ұйқысыздықтан құтылу үшін ешкі асқа дұрыс тағамдарды таңдау керек екенін ескертті. Соның ішінде бірнеше өнімдердің тізімін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter-ге порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Ұйқының қанбауы бүгінде адамдардың қалыпты жағдайына айналған мәселе. Дәрігерлер нашар ұйқының денсаулыққа әлдеқайда зиян тигізетінін ескертеді. Соның ішінде мамандар дұрыс тамақтану жақсы ұйықтауға көмектесетінін жеткізді. 

Бұл тізімде:

Шие – жидекте ұйқының негізгі гормоны - мелатонин бар. Ғалымдар түнде шие шырыны ұйқыны жақсартуға, оны ұзартуға және түн ортасында кенеттен ояну мәселесін шешуге көмектесетінін анықтады.

Киви - ас қорытуды жақсартқысы келетіндер үшін тамаша өнім. Оның терісінде талшықтың күшті дозасы бар. Сонымен қатар, бұл жеміс жақсы ұйықтауға көмектеседі. Зерттеушілер төрт апта бойы күн сайын киви жеудің өзі денсаулықты қалыпқа келтіруге жеткілікті екенін айтады.

Түйетауық – бұл етте нейротрансмиттер серотониннің прекурсоры ретінде жұмыс істейтін амин қышқылы триптофан бар. Бұл зат ұйқы-ояну цикліне де әсер етеді. Триптофаны бар барлық тағамдар ұйқыңызға өте пайдалы.

Ақсерке – адамдар балықтың пайдасы туралы айтқанда, әдетте омега-3 май қышқылдары және бұл қосылыстардың жүрек-тамыр жүйесінің қалыпты жұмысындағы рөлі туралы ойлайды. Дегенмен, бұл қоректік зат ұйқыны да жақсартады. 

Йогурт – мұнда таңертеңгі ұйқышылдықты азайтатын және ұйқы режимін жақсартуға көмектесетін альфа-лакталбумин ақуызы бар. 

Асқабақтың тұқымында көптеген магний бар. Ол біздің жүйке жүйемізге өте пайдалы. Сонымен қатар, магний бізге жақсы ұйықтауға мүмкіндік береді. 

Қызанақта ұйқының сапасын жақсартатын мелатонин бар. Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын қызанақ жесеңіз, әсері айқын болады.

Талқылау