Мамандар тәтті болмаса да, қандағы қант деңгейін арттыратын өнімдерді атады
Эндокринолог және диетолог маман Оксана Михалева тәтті ғана емес, сонымен қатар қантсыз көмірсулардың сіңу жылдамдығын көрсететін, гликемиялық индексі неғұрлым жоғары өнімдердің қандағы қант деңгейін соғұрлым тез арттыратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Глекемиялық (ГИ) жоғары тағамдарды үнемі тұтыну метаболизмді бұзады, аштықты тудырады және майдың жиналуын белсендіреді. Сонымен қатар, ГИ жоғары тағамдардың артық болуы 2-типті қант диабетінің дамуын тудырады", – деп атап өтті дәрігер.
Жоғары ГИ тәттілерге, бидай ұнынан жасалған кондитерлік өнімдерге, күріштерге, картоптарға, кеспелерге, тез дайындалатын ботқаларға, газдалған сусындарға және т.б. өнім құрамына кіреді. Бұл топқа қарбыз, қауын, сәбіз сияқты жемістер мен көкөністер де жатады.
Көптеген дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары, көкөністер, жидектер және қантсыз жемістер төмен гликемиялық индекске ие.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн