Мамандар: Ластанған ауа бедеулік қаупін арттырады
Қытай ғалымдары 18 мың ерлі-зайыптылардың анализдерін зерттеді. Ауаның ластануы қала тұрғындарының бедеулік қаупін 20 пайызға арттырғаны анықталды, деп хабарлайды The Guardian.
Ғалымдардың айтуы бойынша ластанудың ұсақ бөлшектері адам ағзасында қабыну тудырады. Бұл жұмыртқа мен сперматозоидтардың пайда болуына зиян тигізуі мүмкін. Ерте жүргізілген зерттеулер ластанған ауаның мерзімінен бұрын босану мен салмақтың аз болу қаупін арттыратынын көрсетті.
«Көптеген зерттеулер ауаның ластануы жүктіліктегі көптеген жағымсыз құбылыстармен байланысты екенін көрсетті», - деді зерттеу жетекшісі Қытайдағы Пекин Университетінің үшінші ауруханасындағы репродуктивті медицина орталығының қызметкері Цин Ли.
Ли сонымен бірге бұл фактор ерлі-зайыптылардың 30 пайызында түсініксіз бедеуліктің себебі болуы мүмкін деп болжады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ