Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар қазақстандық аналарды жалқау деп айыптады

Қандай тағамдарды балаларға ұсынбау керек? Кішкентайлардың семіздікке ұшырауына не себеп? Неліктен кішкентай қазақстандықтар жиі аллергияға шалдығады? Міне, осындай маңызды сауалдарға №1 балалар емханасы жанындағы ерекше денсаулық мектебінің мамандары отбасылық дәрігер Оксана Мидо мен медбике Мөлдір Тойшыбекова кеңес береді.

753

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар тамақтану мен денсаулықтың бір-біріне тығыз байланысты екенін ескере бермейді. Негізінде организмге зиянды өнімдер көп түссе, онда бала да жиі ауырады. Мамандардың айтуынша баланың басты жаулары – қант, тұз, шай және басқа да тағамдар екен.

“Барлығы аналардың жалқаулығынан туындайды. Балаға ботқаны, сорпаны өзі дайындап берудің орынына, дүкеннен дайын тұрған өнімді ала салады. Сол себепті біздің денсаулық мектебімізде көкөніс және ет езбесін қалай дайындауды үйретеміз. Мәселен, ешқандай жағдайда тамаққа тұз, қант салуға болмайды, олар емшектегі бала денсаулығына зиян. Бір мәрте ботқаны немесе киселді тәтті қылып беру – баланы қантқа тәуелді етіп тастайды.

555

Мамандар осы ретте балаға қандай сусындарды беруге болмайтынын да айтып өтті.

“Біздің ата-аналар көп ретте сиырдың сүтін шайға қосып, оған қант қосып береді. Бұлай істеуге болмайды. Біріншіден, шай баланың организмінен кальцийді шығарып тастайды. Екіншіден, баланың жасы үшке толамын дегенше сиырдың сүтін оның рационынан толықтай алып тастаған жөн”, – дейді олар.

8585

“Бала үш жасқа дейін адамдармен бірге отырып тамақтанбауы тиіс. Ондай кезде ата-анасы баланы да өздері секілді көріп тамақты тықпалай береді. Мұндай тамақтанудан соң бала жәй толып қана қоймайды, оның жүрегі мен ішкі органдарына үлкен ауырлық түседі”, – дейді Оксана Мидо.

Безымянный

“Мен өз тарапымнан ата-аналарға памперсті көбірек қолдануға кеңес беремін”, – дейді Мөлдір Тойшыбекова. – Негізінде ол ұйқы мен серуендеу кезінде аса қажет. Өйткені, көптеген аналар жаялықты жууға ерінеді. Тіпті баланың өзін жуындырып, тазалуға ерініп жатады. Сосын гигиеналық салфеткалармен сүрте салады. Ал кейін барып неге баланың терісі қызарып кеткен деп әрі-сәрі күйге түсіп отырады. Біздің қоғамдағы аналар балаларына жиі алаңдап, солардың жағдайын жасауға ерінбеулері тиіс. Біздің кеңес көп, оның бәрі қағаз бетіне сыймауы мүмкін. Сондықтан барлық тілек білдірушілерді біздің мектепке шақырамын”, – дейді ол.

Осы ретте бұл мектептен тегін тәлім алып, мамандардың ерекше кеңестерін алуға асығыңыздар дейміз.

Оқи отырыңыз:

Лимонның бір бөлігін кереуетіңіздің жанына қойып қойсаңыз не болады

Нанның көгерген тұсын алып тастап жеу керек пе, әлде тастау керек пе?

Бауырыңыздың ауырып қауіпті күйге түскенін бойыңыздағы 15 белгіден білуге болады

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Талқылау