Мамандар қатерлі ісікті тіл арқылы анықтаудың жолын айтты
Қатерлі ісік белгілерін тілде көрінетін үш белгі арқылы анықтауға болады. Бұл туралы Cancer Research UK медициналық ұйымының мамандары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Express газетіне сілтеме жасап.
“Қатерлі ісіктер тілде немесе оның астында дамуы мүмкін. Тіл қатерлі ісігінің негізгі қауіп факторлары темекі шегу, алкоголь ішу және адамның папилломавирусын жұқтыру болып табылады”, – делінген мақалада.
UK Cancer Research қайырымдылық ұйымы тіл қатерлі ісігінің бірнеше белгілерін анықтады.
Біріншіден, мамандардың айтуынша, егер тілде қабыну пайда болса, ол ұзақ уақыт бойы кетпей және қызыл немесе ақ даққа ұқсайтын болса, дәрігермен кеңесу керек.
Сондай-ақ белгілердің арасында дәрігерлер өздігінен кетпейтін жараны анықтады.
Мамандардың пікірінше, кездейсоқ тістеген кезде тілден қан кетуі де қатерлі ісік ауруын білдіре алады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”