Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар қартаю жылдамдығын анықтаудың қарапайым тәсілін ұсынды

Фото: Getty/iStock

Психолог Александр Тейлор мен спорт ғылымы саласының маманы Марко Аркестейн адамдар қартаюды үй жағдайында-ақ анықтай алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандардың айтуынша, адамның жүру жылдамдығы – денсаулықтың маңызды көрсеткіші. Егер адам секундына 1–1,4 метр (шамамен сағатына 5 км) жылдамдықпен жүрсе, бұл оның физикалық жағдайы жақсы екенін және қартаю үдерісі қалыпты жүріп жатқанын білдіреді. Ал жүру жылдамдығы 0,8 м/с-тен төмен болса, бұл ағзаның әлсіреп, қартаюдың жедел жүріп жатқанын көрсетуі мүмкін.

Сонымен қатар ойлау жылдамдығы да маңызды белгі. Оны тексерудің бір жолы – жүріп келе жатып ойлау тапсырмасын орындау. Мысалы, 100-ден 7-ні кері қарай азайтып санау. Егер осы кезде адамның жүрісі баяулап, есепте қате көбейсе немесе қатты қиналса, бұл ойлау қабілетінің төмендеп жатқанын білдіруі мүмкін.

Сарапшылар бұл тәсілдер дәрігерлік тексеруді алмастырмайтынын, бірақ денсаулықтағы өзгерістерді ерте байқауға көмектесетінін айтады. Ал тұрақты қозғалыс, миға арналған жаттығулар және жалпы денсаулыққа көңіл бөлу қартаюды баяулатады.

Мамандар қартаю жылдамдығын анықтаудың қарапайым тәсілін ұсынды

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 14 Ақпан, 2026 20:34