Мамандар iPhone смартфондарының жұмысын қалай жылдамдатуға болатынын айтты
Мамандар iPhone смартфондарының кей үлгілерінің жұмысын қалай жылдамдатуға болатынын анықтап, телефон жұмысын жақсарту үшін қолдануға болатын амалдар тізімін жасады, деп хабарлайды Appleinsider.ru басылымына сілтеп Stan.kz.
Алдымен Apple гаджетінің иелері құрылғыларының «мәжбүрлеп баяулату» бағдарламасына түсіп қалмағанын тексеру керек. Бұл iPhone 6, 6 Plus, 6s, 6s Plus, SE, 7 және 7 Plus құрылғыларына қатысты. Аталған смартфондардан бұрын шыққан үлгілерге iOS-тың соңғы жаңартылулары орнатылмауы мүмкін. Сондықтан бұл кеңестер смартфонның бұрынғы үлгілеріне қолдануға келмейді.
Мамандар ескі үлгідегі iPhone құрылғыларының иелеріне аккумуляторының қаншалықты ұзақ қолданылғанын тескеруге кеңес береді. Сонымен қатар смартфонның жұмысын жылдамдату үшін, мамандар құрылғыдағы файлдардың сақтық көшірмесін сақтап, құрылғыны зауыт баптауларына түсіруді ұсынады. Мұнан кейін сақтық көшірмесін қайта орнатуға болады.
Сондай-ақ мамандар смартфонның бетіндегі «тірі» суретті, параллакс әсері мен виджеттерді өшіріп, қуаттың тұтынылымын төмендетуге кеңес береді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін iPhone қолданушылары Apple компаниясын смарфтондардың жұмысын әдейі баяулатқаны үшін сотқа берген еді. Мұнан кейін компания смартфондардың жұмыс жылдамдығын баяулатпауға уәде берді.
Оқи отырыңыз:
Аяз салдарынан әйгілі Ниагара сарқырамасы қатып қалды (фото, видео)
Мұсылман ер адам баланың көңілін қалдырмау үшін Санта Клаусқа айналды
Уганда тұрғыны ақшасын үнемдеу үшін бір күнде үш әйелге үйленді (фото)
Ресейде оқушы қыз сабақ үстінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады (видео)