Мамандар ет тұтыну мен сүт безі қатерлі ісігінің арасында байланыс бар-жоғын анықтады
АҚШ ғалымдары ет тұтыну сүт безі обырын тудыруы мүмкін деген гипотезаны сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі everydayhealth басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: everydayhealth.com
АҚШ-та сүт безі қатерлі ісігі 50 жасқа дейінгі әйелдерде көп тараған. Оның үстіне, ауру 2010 жылдан 2019 жылға дейін 8%-ға өскен.
Көптеген зерттеулер қызыл және өңделген етті тұтынуды шектеу менопауза алдындағы және постменопаузадағы әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің қаупін төмендететінін көрсетеді. Мамандардың айтуынша, қызыл етті құс етіне ауыстыру қатерлі ісік қаупін азайтады.
International Journal of Cancer журналында жарияланған 35 пен 74 жас аралығындағы 42 000-нан астам әйелдің қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, қызыл етті ең көп тұтынатындардың сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдығы қызыл етті аз жейтіндерге қарағанда орта есеппен 23%-ға жоғары.
Сонымен қатар ғалымдар құс етін көбірек тұтынатын әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің 15%-ға төмен болатынын анықтады.
Дегенмен, қызыл етке қарағанда, хот-дог, ветчина, бекон және шұжық сияқты өңделген ет рак ауруының дамуына қатты әсер етуі мүмкін.
International Journal of Cancer журналында жарияланған зерттеу, өңделген ет тұтынғандарда сүт безі қатерлі ісігінің қаупі 9%-ға, ал қызыл ет тұтынғандарда 6%-ға артатынын көрсетті.
Соңғы ғылыми дәлелдер де бұрынғы зерттеулердің нәтижелерін растайды. Әйелдер қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайту үшін қызыл еттен толық бас тартуға міндетті емес, дейді мамандар.
Айта кетейік, бұған дейін Маман көктем мезгілінде ағзада дәрумен жетіспейтінін көрсететін үш белгіні атағаны туралы жазған едік.
Мамандардың айтуынша, көктемде ұйқышылдық, жиі суық тию және үнемі шаршау байқалады. Өйткені қыста иммундық жүйе шаршайды. Аллерголог-иммунолог Эльвина Давлятов маусымаралық кезеңде ағзаға қалай көмектесуге болатынын айтып берген еді.