Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жол апаты кезінде екі аяғынан айырылған қыздың туыстары емге ақша жинап жатыр

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы аса ауыр жол апаты кесірінен екі аяғынан айырылған қыздың жағдайы туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Безымянный

“Алғашқы зардап шегуші Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, қажетті мамандар жылдам шақырылып, оған операция жасау туралы шұғыл кеңес өткізілді. Ол ауруханаға түскен кезде аса қатты травматикалық шок алған дәрежеде және жабық бас-ми жарақаты, сондай-ақ, тізе сүйектері сынған”, – дейді мамандар.

Екінші қыз №7 қалалық ауруханаға жеткізіліп, ол нейрохирургия бөліміне жатқызылған.

“Екатерина қазір Орталық қалалық клиникалық ауруханада. Шұғыл операция жасалғанына қарамастан оның жағдайы әлі де ауыр. Білікті мамандар оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр”, – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомства кепілді медициналық тегін көмек бағдарламасының аясында барлық қажетті медициналық көмек жасалып жатқанын айтты.

“Денсаулық сақтау саласындағы ең мықты мамандар шақыртылып, емделушілер барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Біз олардың жағдайы жақсарады деп үміттенеміз, содан соң барып сауықтыру шаралары көрсетіледі”, – деді басқарма.

Еске сала кетейік, 16 маусым күні Алматы қаласында әл-Фараби даңғылының бойында екі жеңіл көлік және бір автобустың қатысуымен болған жол апаты кезінде екі қыз ауыр жарақат алған еді. Оның ішінде Екатерина Парафиева екі аяғынан айырылған.

Оқи отырыңыз:

Хирургтар ақтаулықтың асқазынан екі қасық алып шықты

ОҚО-да емшілері науқастарды жылан, кірпі, тасбақа етінің сорпасымен емдеуде (фото)

ШҚО-да 13 жасар зағип бала анасының жүзін көруді армандап жүр

Елімізде дәрігерлердің жетіспеуінен сырқаттар қараусыз қалып жатыр

Талқылау