Маман жиі шығатын ұшықтың қауіптілігін айтты
Ресей хирургия ғылыми орталығының онкология және реконструктивті пластикалық хирургия кафедрасының меңгерушісі Елена Батухтина ұшықтың жиі шығуы иммун тапшылығы мен қатерлі ісіктің дамуы белгісін білдіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru порталына сілтеме жасап.
Дәрігер ұшық жиі шығатындарға ескерту жасады.
"Егер ұшық жарасы екі-үш апта ішінде ұзақ уақыт жазылмаса, міндетті түрде онкологқа жүгінген жөн. Сондай-ақ ұшық жазылып, кейін қайта пайда болса, дәрігер маманға қаралған жөн", - деді онколог.
Батухтина ұшықтың ауыз қуысының кең таралған ауруларының бірі екенін түсіндірді. Маманның сөзінше ұшық әдетте екі-үш апта ішінде жазылып кетуі керек. Егер жазылмаса, неоплазманың биопсиясынан кейін дәл диагнозды жасай алатын дәрігермен кеңескен жөн.
Дәрігер онкологқа ертерек жүгіну ауруды ерте кезеңде анықтауға және оны сәтті емдеуге көмектесетінін атап өтті.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ