Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман жаңа жылда кімдерге шампан ішуге болмайтынын айтты

Ресейлік флеболог хирург Армен Авакян көпшілікке жаңа жылды шампансыз елестету қиын екенін алға тартты. Дегенмен, маман көктамыр ауруларымен ауыратын жандар құрамы алкогольмен үйлеспейтін кейбір препараттарды жиі қабылдайтындықтан оларға мерекелік шампанды ішкен зиян болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник радиосына сілтеме жасап.

Маман варикозды емес, тромбоз түріндегі үстірт немесе терең веналармен проблемалары бар науқастардың қанды сұйылтатын препараттарды жиі қабылдайтынын тілге тиек етті.

“Егер сіз ішімдікті қатар ішсеңіз, бұл дәрілердің әсерін күшейтіп, қан кетуге әкеліп соғуы мүмкін", - деп ескертті ол.

Дәрігердің сөзінше, егер адам жаңа жыл қарсаңында бір немесе екі стакан шампан ішуді жоспарласа, бір күн дәрі қабылдауды тоқтату керек екен.

"Егер науқас үнемі қанды сұйылтатын дәрілерді қабылдаса, алайда жаңа жыл туған күн сияқты жылына бір келетін мерекеде бір-екі стақан шампан ішуді қаласа, сол күні қанды сұйылтатын препараттардан бас тартуды ұсынамыз. Егер дәрі ішпесеңіз, онда бір-екі стакан шампан ішуге болады. Бұл алкогольдің кез келген түріне қатысты", - деді Армен Авакян.

Сонымен қатар, маман қан сұйылту препараттарын қабылдауы керек жандардың кейбіріне уақытша дәрі қабылдауды тоқтуға болмайтынын қоса кетті.

“Жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастарда мұндай препараттарды тіпті бір күн қабылдамай қалса, қаны ұйып кетуі мүмкін. Демек олар ішімдік ішпеуі керек”,- деп қосты маман.

Талқылау