Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман тазалау жұмыстарын қолғапсыз жүргізудің салдарын айтты

Дәрігер-миколог Дарья Антонова тазалауға арналған сұйықтықтарды қолданар кезде қолғап кимеудің салдары жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

уборка

Антонованың сөзінше, кез келген тазалауға арналған сұйықтықтардың құрамында терідегі май бездеріне зиян келтіретін күшті еріткіштер болады. 

"Тері майы, тер мен қышқылдар гидропильді жабын қалыптастырады, ол ауру тарататын бактериялардың, зең мен вирустардың ағзаға енуіне жол бермейді. Қорғаныс қызметінен бөлек су-майлы мантия табиғи ылғалдандыру қызметін атқарады, сондай-ақ трансэпидермальді су жоғалтуды бәсеңдетеді. Басқаша айтқанда, тері бетіндегі судың буланбауына әсер етеді", – деді ол. 

Тазалауға арналған сұйықтарды қолданар кезде қолғап кимеу терінің қабынуына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар химиялық заттардың теріге әсер етуі дерматит, экзем мен өзге де аллергодерматоздардың пайда болуына алып келеді. Терені қарапайым резеңке қолғаптар қорғай алады екен. 

Талқылау