Маман өмір жасын қысқартатын азық-түліктерді атады

Фото: pixabay.com
Сан-Паулу университеті қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессоры Карлос Аугусто Монтейро кей азық-түлік өмір жасын қысқартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі La Razon басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Монтейро ультра қайта өңделген азық-түліктің құрамында пайдалы заттар аз екенін айтады. Ал өндірушілер оны жеуге жарамды және дәмді ету үшін түрлі зиян қоспалар қосады дейді. Мұндай азық-түліктің құрамында тұз, қант пен сапасыз майлар болады.
Маман мысал ретінде өндірістік кондитерлік өнімдер, пицца мен гамбургер, балмұздақ, құрғақ таңғы астар, балық таяқшалары, чипс пен тез дайындалатын кеспе, кәмпит, джем мен энергетикалық батончиктер, тәтті газдалған сусындарды келтірді. Сөз соңында Монтейро уақыт өте ағза бұл өнімдерге үйренісе алмайтынын жеткізіп, керісінше бұларды мәзірден алып тастауға кеңес берді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"