Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін әдет-дағдыларды атады

Қытайлық WeChat порталындағы салауатты өмір салты туралы блог авторы қатерлі ісіктің дамуына түрткі болатын күнделікті әдеттерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inosmi сайтына сілтеме жасап.

ұйықтамау

Маманның айтуынша, жаман әдеттердің бірі – кеш ұйықтау және жеткілікті мөлшерде демалмау. Соңғы жылдары бұл көптеген адамдар үшін қалыпты жағдайға айналды дейді ол.

"Мұндай әдеттердің ағзаға тигізетін зияны сіз ойлағаннан әлдеқайда ауыр. Зерттеулер уақытылы ұйықтайтындарға қарағанда, кеш ұйықтайтын адамдардың қатерлі ісікке шалдығатынын көрсетті", - дейді блог авторы.

Ұзақ уақыт күйзеліске ұшырау да денсаулыққа қауіп төндіреді, ол жүйке жүйесіне теріс әсер етіп, ашуланшақтық пен депрессияға әкеледі.

"Ұзақ уақыт бойы депрессияда болған адамдардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары", - дейді басылым авторы.

Сонымен қатар, қатерлі ісік асқазан мен көкбауырдың жұмысының бұзылуынан, сондай-ақ тұрып қалған тамақты үнемі тұтыну нәтижесінде пайда болуы мүмкін екен. 

"Біраз уақыт бұрын пісірілген тағамды жиі жейтін адамдардың қатерлі ісікке, әсіресе асқазан обырына шалдығу көрсеткіші жоғары. Өйткені тұрып қалған тамақтарда обырдың пайда болуына әсер ететін нитриттер жинала бастайды", - деп түсіндіреді маман.

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін жоғарыда аталған әдеттерден арылу қажет. Сонымен қатар автор қатерлі ісікке қарсы қасиеттері бар тағамдарды – қызанақ, теңіз балдыры, шие және кивиді көбірек тұтынуға кеңес береді.

Талқылау