Маман қартаюды жеделдететін азық-түліктерді атады

Ұзақ өмір сүру институтының бас дәрігері Инна Решетова құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерді шамадан тыс тұтыну ағзаның қартаюын жеделдететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Комсомольская правда" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, қартаю жылдамдығы гликация үдерісімен байланысты. Бұл – ағзадағы қант молекулаларының ақуыздармен, соның ішінде "жастық ақуызы" саналатын коллагенмен байланысуы. Гликация коллагеннің қалыпты құрылымын бұзып, теріде, буындарда, байламдарда және қан тамырларында жиналатын қосылыстардың түзілуіне әкеледі.
"Соның нәтижесінде қартаю үдерісі жеделдейді, буындар ауырады, адамның қозғалысы шектеледі. Ал қан тамырлары қабырғаларының қалыңдауы олардың қаттылығын арттырып, бұл гипертонияның дамуына ықпал етеді, инфаркт пен инсульт қаупін күшейтеді", – деп түсіндірді Решетова.
Оның айтуынша, гликация салдарынан тері де айтарлықтай тез қартайады. Осы себепті тез көмірсуларды, соның ішінде тәттілер мен тоқаш өнімдерін көп тұтынатын, жасы әлі үлкен емес адамдарда терінің босап, құрғап, әжімденіп, пигментті дақтардың пайда болуы жиі кездеседі.
Тәтті тағамдардан бөлек, гликация деңгейіне қуырылған тағамдар да әсер етеді, әсіресе олар майға қуырылып, қытырлақ қабық пайда болған жағдайда. Сондай-ақ ұйқының қанбауы да қартаюды жеделдетуі мүмкін, өйткені дәл сапалы ұйқы кезінде ағзада коллаген белсенді түрде түзіледі.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы