Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман қан қысымын дәрісіз төмендетудің бес әдісін атады

Кардиолог Тамаз Гаглошвили өзінің гипертония және атеросклероз туралы кітабында қан қысымын дәрісіз төмендетудің бес тиімді әдісі туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Оның айтуынша, қан қысымын төмендетудің бір жолы – салмақ азайту.

Дене салмағын 10 килограммға төмендету қан қысымын 5-20 миллиметрге төмендетеді. Бұл гипертонияны толығымен жоймауы мүмкін, бірақ дәрі-дәрмекке деген қажеттілікті азайтады және жүрек-қан тамырларын жақсартады.

Екінші нұсқа физикалық белсенділікті арттыру деп санайды. Күніне 45 минут жаттығу қан қысымын  4-10 миллиметрге төмендетеді.

Тағы бір әдіс ретінде тұзды шеазайтуға кеңес береді. Тұзды азырақ тұтыну қан қысымын 10 миллиметрге дейін төмендетуге көмектеседі.

“Дегенмен тұздың 10%-ы кәдімгі тұз болуы мүмкін. Қалған 90% дайын тағамдарда – шұжық, десерт, кондитерлік өнімдер, нан, пицца, фастфуд, өңделген тағамдар, таңғы ас, ірімшік, чипсы, соустарда жасырын түрде кездеседі”, – деді маман.

Ол ас тұзын тұтынуды тәулігіне 5 граммға дейін шектеуге шақырды. Тамақты тұзсыз пісіріп, піскен соң қосқан дұрыс.

Тағы бір тиімді әдіс ретінде көп мөлшерде көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ аз мөлшерде жаңғақтарды күніне шамамен 30-40 граммға дейін жеу абзал. Тамақтанудың бұл түрі қан қысымын 8-15 миллиметр төмендете алады. 

Дәрігер темекіні тастауды және алкогольді тұтынуды шектеуді ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайтын өте маңызды сәт деп атады.

Талқылау