Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман: “Фервексті” алсаңыз, жылтыр орам мен жарнамаға ақша төлейсіз

Отандық дәріханаларға бас сұға қалсаңыз, шетелдік препараттардың толы екенін байқайсыз. Олардың бағасын көргенде, тіпті, ең салмақты деген адамның өзі жағасын ұстайды. Елімізде не себепті дәрі-дәрмек бағасы қымбат және арзан көшірмелерден қорқу қажет пе?

1410755529_devushka_s_prostudoy

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев Sputnik-ке берген сұхбатында айтып берді.

Министрлік өкілінің пікірінше, Қазақстанда отандық сапалы препараттар жасап шығаруға жағдай әлі де жасалмаған.

“Қазақстандағы дәрі-дәрмек нарығы – 1 миллиард 100-200 миллион долларды құрайды. Бұл жерде отандық өнімдердің үлесі аз және өкінішке қарай, ол әзірге өспейді. Ең басты мәселе де сонда, нарықтың басым бөлігін – шетелдік түпнұсқалық дәрілер алып отыр. Ал олардың бағасы өте қымбат. Мәселен, бір дәрінің өзі 20-30 мың теңге тұрады», – деп атап өтті Арнұр Нұртаев.

2955224

Бүгінде отандық өндірушілер халыққа дженериктерді – яғни негізгі препараттардң көшірмесін ұсынып отыр. Маманның сөзінше, елімізде өзіміздің «нағыз» дәрілерімізді шығару үшін өндірушілерге арнап инфрақұрылым немесе шетелдік әріптестермен келісім-шарттық өндіріс жасау қажет.

Дегенмен Нұртаевтың айтуынша, дәрінің отандық көшірмесін сатып алатын азамат ештеңеден ұтылмайды.

«Немесе біз шетелдік препараттардан түбегейлі бас тартуымыз керек. Сонда отандық өнімнің үлес салмағы 80%-ды құрайтын еді. Дженериктер сапа тексерісінен өткен арнайы тіркелген препараттар.Барлық талапқа сай келеді. Ендігі кезек қазақстандық тұтынушыда. Мен үнемі салыстырып, бұған дейін де айтып жүрдім. «Фервекс» алатын болсаңыз, сіз бірінші кезекте әдемі орам мен жарнамаға ақша төлейсіз. Отандық көшірмелер шетелдік препараттармен салыстырылады. Яғни, олардың сапасы шетелдікінен кем емес», – деп атап өтті Нұртаев

Министрлік өкілінің айтуынша, дәрі-дәрмектің сақталу жағдайы (жарық сөніп, тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істемеуі, т.б.) оның сапасына әсер етуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

Қатерлі ісіктің дамуының басты 7 себебі

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Ұзақ жасаудың құпиясы: Халқы ұзақ өмір сүретін 5 ел

Талқылау