Маман: Дала дәретханасын қолданатын адамдар бедеулікке ұшырайды
Бедеуліктің алдын мектеп қабырғасында алу керек. Бұл туралы “Аман-саулық” қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова сенат отырысында айтты, деп хабарлады Sputnik Казахстан.
Бүгін қазақстандық билік жасанды ұрықтануға қаржы бөлді. Өткен жылы 900 квота бөлінсе, осы жылы да 900 квода бөлінді. Оның бір процедурасы аз дегенде 700 мың теңге тұрады.
Түменованың айтуынша, Қазақстандағы ерлі-зайыптылардың 15 пайызы бедеу. Сондықтан, оларға 900 квота жеткіліксіз.
“Сонымен қоса, бұл салық төлеушілердің қалтасын жеңілдетеді. Қазақтар бірінші байлықты денсаулық деп бекер айтпаған. Бірақ денсаулық – медициналық қызмет қана емес, экономикалық тіпті, мәдени кешен”, – деді Түменова.
Ол денсаулыққа дәрігерлер ғана емес, дансаулық сақтау министрлігі ғана емес басқа да мемлекеттік құрылымдар да жаупты екенін ескертті.
“Мысалы, мен бедеулік туралы айттым. Қазіргі кезде бедеуліктің себебі түсік тастау ғана емес, оқушы кезінде мектепте даладағы дәретхананы қолданғандықтан болады”,- деді сарапшы.
Тағы оқыңыз:
11 жасар қазақ қыздары жеке кәсіптерін ашып, табысқа кенелудің жолын тапқан
Қостанайда ірі сауда орталығында өрт болды
Алматыдағы өрт: Байбек көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды
Полиция әлеуметтік желі арқылы тараған Ақтаудағы педофил туралы болжамды жоққа шығарды