Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция әлеуметтік желі арқылы тараған Ақтаудағы педофил туралы болжамды жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде педофил туралы ескерту жасалған дыбыстық жазбаны Маңғыстау полициясы  жалған ақпарат деп таныды.

Педофил

Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Хабар таратылған аудио жазбада қаланың жоғарғы бөлігінде кәмелетке толмағандарға жыныстық әрекет жасалғаны туралы хабарланған. Дегенмен, полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқандар заңмен жазаланатынын еске салды.

Ақпараттың кімнің таратқаны анықтаған жағдайда ол 5000 АЕК (12 миллион 25 мың теңге) немесе екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы мектептердің бірінде өткен ата-аналар жиналысында қоғамда педофилдердің белгілері байқалатынын айтып, балаларды көшеге жалғыз жібермеуге шақырды.

Бастапқыда кәмелетке толмағандарға қауіп төндірген күдікті адам туралы ақпарат әлеуметтік желілерде және жедел хабаршыларда пайда болды.

Оқи отырыңыз:

Айгүл Мүкей лифтте қаза тапқан тележүргізуші жайлы: Шенеуніктерге ең ауыр жаза қолдану керек

Баян Алагөзова қайын атасын сотқа бергендерге: Сіздің тәрбиеңіз үшін мен ұялып тұрмын

Павлодарда әйелдердің құлағындағы алтын сырғаларды ұрлап, ломбардқа өткізген қылмыскер сотталды

Жамбыл облысында елде жоқ емхана салынатын жерден қаптаған адам сүйектері шығып жатыр

 

Талқылау