Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ағзада гормондық теңгерімнің бұзылғанын білдіретін айқын емес белгілерді атады

ұйқы келу

Фото: health.sb.by

"СМ-Клиника" эндокринологы Наталья Чадина тұрақты шаршау мен басқа да айқын емес белгілер ағзадағы гормондық теңгерімнің бұзылғанын көрсетуі мүмкін дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Газета.ru” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Толыққанды ұйқыдан кейін де шаршау сезіну қалқанша безі гормондары деңгейінің бұзылуымен, мысалы, оның қызметі төмендегендегі – гипотиреозбен байланысты болуы ықтимал. Сирек жағдайда бұл белгі бүйрек үсті безі гормондары деңгейінің бұзылуын, яғни бүйрек үсті безі жеткіліксіздігін көрсетуі мүмкін.

Себепсіз күрт салмақ қосу немесе керісінше, салмақ тастау да гормондардағы ақаулардың белгісі. Мұндай симптом зат алмасу баяулайтын гипотиреозға немесе керісінше, метаболизм үдейтін гипертиреозға тән.

Гормондық бұзылыстың белгілеріне ұйқының бұзылуы, терінің құрғауы, шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы жатады. Сондай-ақ көңіл-күйдің ауытқуы, депрессия, етеккір циклінің бұзылуы, жыныстық құштарлықтың төмендеуі, ас қорыту проблемалары, температураға сезімталдықтың артуы, безеу, әйелдерде шамадан тыс түк өсуі, сүйектегі ұзаққа созылатын ауырсыну, аз жарақаттан болатын сынықтар және қайталанатын бүйрек тастары да назар аударуды қажет етеді.

Бақылауға көнбейтін артериялық гипертензия, жүректің жиі соғуы, бас ауруы мен тершеңдік те дәрігерге қаралуға себеп болады.

Назархан Уән
Жексенбі, 10 Тамыз, 2025 17:13
Талқылау
`