Малайзияда үш жасар баланың жыныс мүшесін эскалатор «шайнап» кетті
Малайзияның батысындағы қалалардың бірінде болған оқиға жұрттың жағасын ұстатып, зәресін қашырды. Үш жасар бала эскалатордың баспалдағына алдымен сымын іліп алған. Сүйреп бара жатқан эскалаторды сол маңдағылар тоқтатып үлгермеген, баланың жыныс мүшесін «шайнап» кетті. Бұл туралы Dailymail.co.uk басылымы жазған.
Бала жүріп баражатқан эскалаторға отырып алған. Алдымен сымын қысқан эскалатор баспалдағы баланың жыныс мүшесін де орап кеткен. Үш жастағы баланың шыңғырған даусын есітігендердің зәре құты қалмаған.
Темір баспалдақ баланың жыныс мүшесін езіп, жансыз күйге түсірген. Құтқару қызметі баланың баспалдақ арасында қалған жыныс мүшесін шығару үшін жарты сағат уақыт жұмсаған. Осыншама уақыт бой бір тоқтамай баланың жан даусы шыққан. Балақайды бірден Тайпиндағы ауруханаға алып кеткен. Қазірге оның жағдайынан ешқандай ақпарат жоқ екен.
«Эскалатор бала отырған кезде шалбарының ауын қысып қалған. Айналып жатып жыныс мүшесін де орап кеткен. Біз эскалатор баспалдағын сындыру үшін барлық затты қолдандық»,-дейді құтқарушы Насир Вахаб.
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан