Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Мал жиғанша, ақшаңды өнеріңе сал!»: Әнші Өмірқұл Айниязов Бейсен Құранбектің ақыл-кеңесін есіне алды

Бүгінгі таң қазақ елі үшін қаралы хабардан басталды. Отандық телевизияға ерекше құбылыспен келген журналист Бейсен Құранбек ауыр дерттен қайтыс болды. Бұл жаңалық өнер өкілдеріне де оңай тиген жоқ. Мәңгілік мекеніне аттанған танымал тележүргізушінің ерекше қасиетін еске алғандардың бірі – Өмірқұл Айниязов, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бейсен

Айниязовтың айтуынша, әнші мен журналист өмірде туған ағалы-інідей сыйласқан. Өмірқұл Жетісу өңірінде өнерін шыңдаса, Бейсен Құранбек «Жетісу» телеарнасының директоры қызметін атқарыпты. Тіпті, әншінің Талдықорғандағы ауқымды концертінің өтуіне марқұм тележүргізушінің жәрдемі зор көрінеді. Ал, ән кештің алдындағы кездесуде айтқан құнды кеңестері әлі де жадында сақтаулы тұр.

«Сол жерде ол кісі маған мынадай әңгіме айтты: «Өмірқұл, мен сені қазір білемін. Шығармашылығың жақсы бір шарықтау сәтінде тұр. Мен сенің қазір не ойлап жүргеніңді де білемін. «Үй салдым, енді мал алсам, фазенда ашсам» - деген ойда жүрсің жұрт сияқты. Мен саған басқаша ақыл айтқым келеді. Сен ондайға қызықпа. Сен мал жиғанша, ақшаңды өнеріңе сал. Кейбір уақытша әншілер сияқты зал жинай алмай қалма» - деді. Бұл 2017 жылдың аяғы еді. Ол кісі бір жылдай ауырды. Оның арасында кездестім бе, кездеспедім бе, есімде жоқ. Сол бір кездесу соңғы сияқты болып тұр», - деп еске алды Өмірқұл Айниязов.

Бақилық болған Бейсен Абайұлының адамгершілігі мен талантына «Жігіттер» тобы да тәнті. Аталған ұжымның пайымдауынша, соңғы жылдары «Айтуға оңай», «Қаракет» сынды әлеуметтік ток-шоулардың көпшілік көзайымына айналуы – Бейсен Құранбектің кәсіби шеберлігінде.

«Бейсен Құранбектің бағдарламасына «Жігіттер» тобын жиі шақыратын, біз барып тұратынбыз. Кейін «Қарекет» бағдарламасы ашылғанда Әлия Құдайберген деген журналист: «Ерғали аға, осы жобаға бір жүргізуші алсам. Мына кісі қалай болады» - деп ақылдасқан еді. Сол кезде осы Бейсен Құранбекпен тоқтағанбыз. Бұл кісінің сөйлеген сөзі халыққа өтімді, әңгімелерін дөп басып айтады ғой. Солай ақылдасқанымыз бар. Бағдарламаларына бірнеше рет бардық. Талай тойларда жолығатынбыз. Негізі 49 жас деген төртінші мүшел ғой. 49 жасында өмірден озып отыр. Алланың қалауы ғой», - дейді «Жігіттер» тобының продюсері.

Айта кетейік, Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ол қатерлі ісікке шалдығып, соңғы бір жылда емделумен болды. Бірақ бүгін таңға жуық Талдықорғандағы үйінде көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр