Соңғы жаңалықтар

"Мал сатылады": Оралда оқушылар досын мазақ етіп, 100 мың теңгеге сатпақ болды

Досын 100 мың теңгеге сатпақшы болған оралдық оқушылар іздестірілуде. Хабарлама танымал отандық сайттардың бірінде жарияланыпты. Алайда құзырлы органдарға шағымданып, еш нәтиже көрмеген баланың анасы арнамызға хабарласып көмек сұрады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, ұлын сыныптастары ұрып-соғып, төрт қабырғасын сындырған, одан қалды күніге ақшасын бопсалаған. Енді баласы мектепке барудан қалып, жекеменшік орталықтарда оқып жүрген көрінеді.

"Негізі менің баламды 5 жылға есепке алған еді. Эпилепсия деген ауруымен. Оны кейін 3 жылдан кейін есептен шығарды. Білмеймін айта алмаймын", - дейді анасы.

Ананың көз жасына ерік беруі түсінікті. Өйткені талма ауруынан сауығып, денсаулығы дұрыстала бастаған баласының өмірі енді жақсара ма деп еді. Болмады. Өз сыныптастары күн көрсетпепті. Ата-анасы тамағына, жолына, керек-жарағына беретін ақшасын күніге бопсалаған, бермесе сабақтан кейін аямай ұрып-соққан. Бір апта, бір ай емес, жарты жыл бойы.

«Сабақтан кейін мектептің қасындағы дүкенде күтіп алған екі бала, соның біреуі соққыға жыққан. 4 қабырғасын сындырды, қос аяғымен басынан секірген. Мен прокуратураға бардым. Бәріне арыз қалдырдым. Енді мүлдем ешқандай жауап жоқ», - деді анасы.

Алайда жәбірленуші баланың анасы бірден арыз жазбапты. Балалық шығар деп талай рет кешіріммен қарап, әлгілерді аяған. Бұзақы болса да, тәртіп бұзса да, баласын ұрса да, болашақтарына балта шаппайын депті. Бірақ, мына бір оқиға ашуына қатты тиген.

«Әлеуметтік жүйе дей ме, соған баланың фотосын салып жіберген. Астына жазып жіберген: "Животное 100 мың теңге" деп. Баламның фотосын рұқсатсыз қойған. Екіншіден, намысына тиіп тұр. Үшіншіден, келмеждеп тұр. Анда қанша пікір жазып жатыр. Соның барлығы баланың намысына тиеді ғой», - деді анасы.

Қысқасы, әлеуметтік желіге Исламның суретін қойып, «жануар сатылады» деп хабарлама қалдырған ғой. Оны мектептің бәрі көріп үлгерген. Түрлі пікір жазған, тіпті мүшелеп сатып алуға бола ма деп ұсыныстарын айтқан. Енді бала мектепке барудан қалды. Сыныптастарының көзіне көрінбеу үшін ақша төлеп, жеке меншік орталықтарына барып оқып жүр. Бірақ, Ислам әлгі бұзақыларға емес, анасына ренжулі. Арыз жазбағаныңда, бәрі дұрыс болар ме еді деп. Алайда, айтып айтпай не керек?  Арыз жазылды, оны полицейлер қарады, бірақ іс сол күйінде қалды.  

«Бұл факті деген полиция бөліміне ресми тіркелді. Қаралды. Алайда бұл факті бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты материал істен шығарылды», - деді қалалық полиция департаментінің абспасөз хатшысы Гүламан Смағұлова. 

Бұл істен қалалық білім басқармасы да таныс. Бірақ,  сөздерін тыңдасаң, бәрі керемет, күшті, былай айтқанда шындықтан әлдеқайда алыс. Сыныптастары баланы ұрып, қабырғасын сындырып, күн көрсетпей жүргендерін білмейді де.

«Исламның сабаққа қатысуы жөнінде сыныптағы тәртібіне байланысты әлі де балалар мен келіспеушілк анықталған жоқ. Қазіргі уақытты күнделік сайтынан қарап жатырмыз. Ислам сабағын жібермеген. Күнде келіп жүрген», - деді қалалық білім басқармасының бас сарапшысы Жазира Рысказиева.

Қалай болғанда да, баланы ұрып-соғып, келемеждеп, мазақ еткендер Исламнан да, анасынан да бір кешірім де сұрамапты әлі. Олардың ашуына тиіп жатқаны да осы. Сондықтан бұл отбасы тиісті  оқушылар жазаланбай, оңай беріле салмаймыз деп отыр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...