Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мал екенсіңдер, бақытсыз болып өт": Ақбота Керімбекованың журналист қызға айтқаны елді таңғалдырды (видео)

Ақбота Керімбекова мен журналистің арасындағы текетірес көпшілікке мәлім болды. Әнші журналисті жалған ақпарат бердің деп айыптады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

🔊НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼️ ⠀ 1. Ақбота Керімбекованың инстаграмдағы соңғы жазбасына зер салсақ журналистерге ренжіп, жұрттың алдында ақталып әуре-сарсаңға түскен екен. (солға қарай жылжытыңыз➡️) Видео жазбаның түпнұсқасын тыңдап көріңіз, оқырман! Монтаж-шантаждың жасалмағанына көпшіліктің көзі жеткен шығар. ⠀ 2. Айтылған сөз – атылған оқ! Сауал – тілшіден, жауап – әншіден. Бұл сұхбатта Ақбота ақиқатын алғаш ашқан еді. «Жалғыз емеспін» дегені – арқар сүйер азаматының барын астарлап жеткізгені. Сондықтан, алдағы уақытта Ақбота Керімбекова төртінші мәрте тұрмыс құрса, таң қалмаңыз! Жалғыздықтың жаратқанға ғана жарасатыны баршамызға аян! ⠀ 3. Сахнада сыпайы, теледидарда жарқырап көрінетін әртістердің шынайы бет-бейнесінен көпшілік бейхабар. WhatsApp желісіндегі мына диалогта (солға тағы жылжытыңыз👉) Елі сүйген Ақботаның сөзі осы! ⠀ PS: ShowNews.Kz – ақиқатты айтатын алаң! ⠀ Құрметті әртістер, сұхбат сәтінде әр сөзімізге абай болайық! Жұма мүбәрак болсын🤲

Публикация от 🆂🅷🅾🆆🅽🅴🆆🆂.🅺🆉 (@shownews.kz)

Даудың басы Ақбота Керімбекованың тұрмысқа шығуы туралы әңгімеден басталды. Бұл туралы ShowNewsKZ арнасы хабарлаған еді. Танымал әнші Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісті.

Әнші төртінші мәрте тұрмыс құруды жоспарлап жатпаса да, жалғыз еместігін айтып қалды. 

Алайда "Ақбота Керімбекова тағы да келін атанбақ" деп жар салғаны үшін журналиске ашуын төкті. Әншінің жазғанын аталған арна желідегі парақшасында жариялады. 

"Ел алдында жарқырап жүретін әншілердің шынайы бет-жүзін көріңіздер. Мында қазақтың әншісі Керімбекованың сөзі", - делінген хабарламада. 

"Мен саған тағы айтам, тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқпын. Ұятсыз. мал екенсіңдер. Бақытсыз болып өт, санасыз. Өшір дедім, соңғы сөзім. Әйтпесе, ертең басқаша болады. Қарғысыңа қалғың келмесе, бәрін өшір", - деп жазады әнші жауабында. 

Әнші өз парақшасында журналистер қауымына ренішін жеткізіп, халықты барлық ақпаратқа сене бермеуге шақырған. 

"Мен тек өзімнің жалғыз еместігімді айтқан едім. Ал, мені төртінші рет тұрмыс құрып жатыр деп шуылдап жатыр. Түймедейді түйедей етеді. Ақ-қарасын білмей жатып, барлық ақпаратқа сене бермеңіздер", - дейді әнші. 

Ал, желідегі бір топ әншіні жақтаса, енді бірі даттап жатыр.

"Расында Ақбота тұрмыс құру жайлы айтпаған ғой. Неге жалған жазасыздар? Ақботанікі дұрыс, оны бәрі қолдайды, бәрі жақсы көреді", "Қанша жерден ашуланса да, қарғау дұрыс емес", "Өзі ана бола тұра, қазақтың сүйген әнші қызы бола тұрағ осылай сөз жазады деп ойламаппын", - дейді олар. 


Оқи отырыңыз: "Қырықтан асқанда таяқ жеген жаман екен": Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен неліктен ажырасқанын айтты

Талқылау
Пікір
Айкон
13 Қаң, 20 жыл - 13:13

Адам болгансон пенде болгансон ар адамнын тагдыры ар турли!Осы биреудин омирин талкылау биреуге керекпе?Ар адам оз ушин озинин бакыты ушин омир суреди.Акбота сахнада ерси кылыктар корсетсе бир сари.Онын омирин талкылауга ешкимнин какысыда жок деп ойлаймын!Казакта макал баргой:Кулген куле жетеди еки етегин туре жетеди деген.Сондыктан казирги уакытта бираз адамдардын басында бар жагдай жалгыз Акбота емес!Казир биреудин тагдырын сынайтын заман емес калай адал жолмен акша тауып кун кретин заман.Колыннан келсе конышыннан бас!Акботанын журегинде иманы бар кыз!!!