AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бруцеллез деп шұжық комбинатына өткізуге мәжбүрледі": Солтүстік Қазақстанда тұрғындар ветеринарлар сау малды қырып жатыр деп шағымданды

Солтүстік Қазақстан облысы Аралағаш ауылының халқы ветеринарлардың бруцеллезге шалдықты деп сау малды қырып жатқанын мәлімдеді. Әрі ірі қараға төленетін өтемақыны да алмаған. Дегенмен бұған қатысты мал дәрігерлерінің айтары бөлек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

мал

Төрт баланың анасы Сәния Нәбиева ұзақ жылдардан бері мал шаруашылығымен айналысады. 2019 жылы көп балалы отбасы мал басын көбейтуді көздеп, мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 миллион теңге несие алған. Алайда 11 сиырдың игілігін көре алмапты. Ветеринарлар түліктен бруцеллез ауруын тауып, оны қаладағы шұжық зауытына өткізуге  мәжбүрлегенін айтады.  2 жылдан бері өтемақысын төлемеген.    

“Бруцеллез деп біздің сиырларды біртіндеп алып кетті. Енді біз өтемақы алу үшін жанағы шұжық жасайтын цехтардан анықтама сұрадық. Ол кісілер сендердің малдарың таза дейді. Біз енді не істейміз? Сол міне екі жыл болды әлі қудалап жүрміз. Несиені енді төлеп жатырмыз. Ай сайын 100 мыңнан береміз”, – деді Аралағаш ауылының тұрғыны Сәния Нәбиева.

Аралағаш ауылында 2020 жылы  400-ге жуық қара мал  болған. Халық бруцеллездің кесірінен соның төртінші бөлігінен айырылып қалғандарын айтады. Ветеринарларға әбден сенуден қалдық дейді. Себебі жергілікті мамандар жасайтын сараптама қорытындысы ет зауытында көп жағдайда расталмайды екен.

“Қан алған сайын расталады деп айта алмаймын. Өйткені ана жолы бес малың ауру деп келді. Бес малдың екеуінде ғана бирка сәйкес келеді. Қалғанынікі келмейді. Менде жоқ ондай нөмірлер. Ал енді маған бес малыңды бер дейді”, – деді ауыл тұрғыны Мұсат Мақажанов. 

Ал ветеринарлар ет комбинатының мамандары әдетте малдың ішкі ағзасына қарайтынын мәлімдеді. Қанның құрамында бар бруцеллез ішкі мүшелерге бірден әсер бермейтінін қосып өтті.  Сондықтан зауытта қоздырғыш расталмай жатады дейді.

“Ет комбинатына барар алдында олар алдын ала комбинатпен келісімге отыру керек. Яғни сол бруцеллезге тән патологиялық белгілер болмаса, онда олар бұл етті өздері алып, басқа жерге шексіз сатуға болады. Заң бұған рұқсат береді. Сойғаннан кейін 12 сағаттан кейін бұл етті шексіз пайдалануға болады”, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов. 

Жыл басынан бастап Аралағаштағы 21 ірі қарада бруцеллез анықталған. Күрделі сараптама кезінде індет расталса, ауылға шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр