Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мал бағуға шыққан: Шымкентте 15 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

Шымкенттің Тұран-1 шағын ауданында 15 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Белгілі болғандай, 2007 жылы туған жасөспірім 8 маусым күні кешкісін мал бағуға шығып, қайта оралмаған. 9 маусым таңғы сағат 4:50-де Новостроек көшесіндегі ашық аумақтан баланың мәйіті табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері белгілері жоқ. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жасөспірімнің 72-ші орта мектепте оқығаны, инклюзивті білім алып жүргені белгілі. 9 маусым күні пәндік емтихандарын тапсыруы керек болған.

"Бала 9-сыныпты бітірді, мектепте еш қиындық көрмеген, тәртібі жақсы, инклюзивті білім алған, сабақтан қалмайтын. Бүгін емтихан болды, келу керек еді. Таңертең ата-анасына телефон соғып, қайғылы хабарды естідік. Басы айналып құлап, басынан қатты соққы алған болуы мүмкін екені айтылды. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз", - деді 72-ші мектеп директоры Бегмат Усманов.

Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Талқылау