Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мақтаншақ": Гүлзира Айдарбекова өзін сынайтындарға жауап берді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мақтаншақ: Гүлзира Айдарбекова өзін сынайтындарға жауап берді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасына ұлының ән айтқанын жүктеп, балаларымен мақтанған. Сонымен қатар, өнер иесі өзін сынға алатын адамдарға жауап берді. Артынша ол бір кейуананың оқиғасымен бөліскен. 

"Мақтаншақ" деп күнделікті жазбаса тынысы тарылатындарға қысқа да нұсқа жауап болсыншы деп жазған әнім еді десем қалай кетті. Нағыз байлық деген не? Күндердің күнінде бір кедей, жалғызбасты ана емізулі баласын құшақтап үй аралап садақа сұрап жүреді. Сонда ананың алдында зәулім сарай үй кездеседі. Бір ақша берсе сол үй береді, деген үмітпен әлгі ана үйдің қақпасын қағады. Сонда қақпаның арғы жағынан үй егесі шығып анадан мән жайды сұрайды", - дейді Гүлзира Айдарбекова.  

Осылайша продюсер ананың баласын баға алмай, қаңғып қалғанын айтады. Байдан көмек сұрай барған ана баласын ешқандай ақшаға бергісі келмеген көрінеді.

"Ананың мұқтаждығын естіген үй егесі оған "Сенің қолыңда балаңда бағар қаражат жоқ. Оданда сол балаңды маған бер, мен саған орнына байлығымның жартысын беремін" дейді. Мұндай ұсынысты күтпеген кейуана дереу бас тартады. Сонда үй иесі оған қайта "Жарайды, онда сен маған баланың бір қолын бер, мен саған орнына байлығымның 3/1 бөлігін беремін" дейді. Кейуана бұған да келіспейді. Сонда тағы "Онда балаңның бір кіші саусағын бер мен саған дәулетімнің 4/1 бөлігін беремін" дейді", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Артынша дәулетті адам анаға нағыз байлық бала деген сөзді жеткізген. Бай қанша жерден ақшасы болса да, баласыз болған көрінеді. Осы мысалды тілге тиек еткен Гүлзира Айдарбекова балаларының барына шүкірлік етті. Өнер иесі перзентіңнің жаныңда аман-есен жүріп, сені қуантқанынан асқан байлық жоқ деп түйіндеді сөзін. 

"Бұған да кейуана келіспей баласын құшағына қатты басады. Сонда үй егесі сөзін қорыта "Көрдің бе?, саған қанша байлық ұсынсам да сен ойланбастан бас тарттың. Сен менен бай жансын. Себебі, менде жоқ перзент сенде бар. Ал, перзент деген ол біздің ешбір құнға сатып ала алмайтын барлық байлығымыз" деген екен. Алла тағаланың берген балаларымыз байлығымыз аман болсын", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Талқылау