"Мақтанғым келді": Құранды рэп қылып оқып, сынға қалған блогер кешірім сұрады
Блогер Juzzeffina Құранды рэп қылып оқу ойына қайдан келгенін айтып, халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/juzzeffina244/
Блогер Жұлдыз Жауынбаева алыпқашпа әңгіме таратқандарға желіде жауап қатты.
“Жай ғана мәтін жазып кете салмай, халық алдында түсіндіргім келіп отыр. Таңертеңнен бері осы ақпаратпен арпалысып жатырмыз. Біріншіден, жұрттың наразылығын түсінемін. Себебі сіздерге жалған ақпарат таратып жатыр. Жалған ақпараттың салдарынан мен кибербуллингке ұшырап жатырмын. Екіншіден, бұл дінге қатысты болғандықтан, үндемей отыра алмадым. Мені дінге қарсы адам ретінде көрсетіп жатқанына қатты ашулымын", – дейді блогер.
Сондай-ақ желі жұлдызы тойдың халал өткенін айтып, ақталды.
“Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Шынымды айта кетейін. Біріншіден, ешқандай ішімдік болған жоқ. Себебі ол жиында отырғандардың 70 пайызы – оранған, ұзын киінген.
Екіншіден, ол жерде конкурс болды. Өнерлеріңізді көрсетіңіздер дегенде бірі рэп оқыды, екіншісі опера айтты. Ол жерде намаз оқитын кісілер мені түсінеді ғой деп мақтанғым келіп, сондай ниетпен оқыдым. Ол жерде ешқандай рэп, бит жоқ. Жұрттың соны ушықтырып жібергеніне сасқалақтап қалдым", – деді атышулы блогер мән-жайды түсіндірді.
@juzzefina24 ♬ оригинальный звук - Juzzefina24
Айта кетейік, блогердің Құран аяттарын оқығанын көрген жұрт оны “мас” деп ойлағанын жазған едік.